Санжар Оразұлы Жандосов туралы

О папе

Құрметті «Әділет» Қазақстан тарихи – ағарту қоғамының алғашқы жетекшісі Санжар Оразұлы Жандосов ағамыздың туғанына 80 жыл толуына арналған ғылыми практикалық конференциясына қатысушылары.

Мен Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министірлігінің өкілі ретінде келіп, осы ғылыми практикалық конференцияға қатысып отырғаныма осы жиынды дайындап және де өткізіп жатқан бауырларыма алғысымды білдіремін.

Кезінде 1986-1990 жылдары санжар ағамыз біздің министірлікке қарасты Мемлекеттік еңбек Комитетін басқарып оның жұмысын биік деңгейлерге көтеріп кеткені, қазіргі қызмет атқарып отырған азаматтарға аян. Қазіргі министр Гүлшара Наушақызы Әбдіқалықова мен жауапты хатшы Тамара Қасымқызы, Примьер – Министрдің қатысуымен Министрліктің алқа мәжілісін өткізуіне байланысты өздері келе алмай бізді жіберді.

Кеше ғана, Санжар ағамыздың туғанына байланысты конференцияға барамыз дегенімізді естіп, ертеректе ағамызбен бірге жұмыс істеген әріптестеріміз кабинетке келіп ол кісінің жапқсы қасиеттері туралы пікір талас өткіздік.

Осы пікірластан мені ортақ пікірге келгенім ол кісі қармағында жұмыс істейтін кісілердің қандай да болмасын лауазымына қарамай бәрімен бірдей сөйлессе де және олардың айтқан пікірлері мен ұсыныстарын тандай білетін адам екен.

Сонымен қатар айта кететін жай ол кісі қармағындағы жұмыс істеген адамдарға Сендер халықпен жұмыс істейсіндер, сондықтан біліми деңгейлерін ол кісілермен салыстырғанда жоғары болу керек деп, арқайсысымен бөлек айына бір рет әңгіме өткізеді екен. Егер біліми деңгейі бір саладан төмен екендігін байқаса, сол сала бойынша тақырып беріп оның орындалуын қадағалаған екен. Міне Санжар ағамыздың осындай қасиеттерін білген қызметтестері жұмыстан бос уақытында әр-  түрлі кітаптарды оқып, киноға, театрға және мұражайларға барып өз біліми деңгейлерін көтеруге тырысқандығы белгілі юолды.

1986 жылы Санжар ағамыз Мемлекеттік еңбек Комитетін басқарған кезден бастап еліміздің әлеуметтік саласының құрылуының бастамасын бастап берді.

Сол жылдары Мемлекеттік еңбек Комитеті ҚСРО еңбек және әлеуметтік сұрақтар бойынша Комитеті болып құрылды.  Әлеуметтік сала қызметінің негізін құрау жөнінде үлкен жұмыстар істеліп, осы саланы жетілдіру үшін жаңа басқармалар құрылып, халықаралық үлкен ғылыми конференциялар өткізді.

Сергек ойлай білетін мінезімен қатар қайраткерлік мінезі Санжар ағамызды отырғызбай, әр қашан ілгері ұмтылып тұрды. Ол кісі Мемлекеттік еңбек Комитетінде жұмыс істеп қана қоймай оның аппараты мен жергілікті жердегі аумақтық органның жұмысына да түбкілікті өзгерістер еңгізді. Комитеттің жұмыс істеу тәртібін түбегейлі өзгертті. Аппараттың  қалыпты жұмысын қойып, жана прогресшіл үлгі әдістерді қолданды. Соған қарамастан ол кісі ешқашан адамгершілік факторды ұмытпады. Осылай ол барлық ұжым қызметкерлерінің өмірге және қоршаған ортаға деген көз қарастарын өзгертті.

Іссапарға шығатын кезде ол әрбір қызметкерді шақырып, сол бара жатқан жердің географиялық орналысқандығын, қандай шаруашылықпен айналысатыны мен халықтың өмір деңгейі туралы мәліметтерді білуін талап етті. Іссапардан келгенде міндетті түрде облыстың әлеуметтік хал- жағдайы туралы толық баяндама жасатты, сөйтіп әр – бір қызметкер ауқымды ойлау қабілеттерін аша білді. Бұл деген әрқашан өз деңгейнді әдебиеттік, стастикалық мәліметтер, еңбек нарығы жағынан және ахуалдық жағдайды жорамалдау қажеттігін тудырды.

Осыдан барып аппараттың әрбір қызметкері өзінің қажеттігін сезінді.

Сонда да Санжар ағамыз бұндай деңгейге көтерілуіне және оның пісіп жетілуіне не себеп болғанын анықтау үшін оның өмір баянына бір сәт  көз жүгіртейік.

1937 жылы Санжар ағамыздың әкесі Ораз атамызды тұтқындап «халық-жауы» — деп атып тастағанда ол бар болғаны 7 жаста болатын.

Осы уақыттан бастап, Санжар ағамыз өз ағасы Едіге мен інісі Әлимен бірге қуғын-сүргінге ұшырап, халықпен бірге көп қиындық көрді. Аш, жалаңаш балалар күндерін көру үшін қайыршылықпен және сонымен қатар алыпсатарлықпен айналысқан кездері болғанын ұмытпауымыз керек.

Екінші дүниежузілік соғыс аяқталғаннан кейін жас кезден Санжар ағамыз ол бұрынғы арманына еліктеп Әдебиет интитутына түсіп- ақын болуды аңсады. Ол кезде жас Санжар ағамыздың өдеңдері сол кездің өзіне кейбір басылымдарда басылып жарық көріп жүрген болатын.

Сонда да жас Санжардың жігерін, барынтасын басып бас көтеруіне  әлде қандай бір күш кедергі болып тұрды.

Сонда да жоғарыда отырғандар азаматтар санжар ағамызды, Ораз атамыздың баласы екенін бір сәт естен шығарған жоқ.

Сталиннің өлімінен кейін, партияның ұмытылмас ХХ-С съезінен кейін ғана Ораз Жандосов атамызды ақтады.

Міне осы кезден бастап санжар өзінің бойында сирек кездесетін экономикалық-талдау, ұйымдастырушылық және адамдарда еңбекке деген сүйіспеншілікті, жауапкершілікті оятатын қасиеттерімен тез жоғары өрледі. Оның принципті қағидасын ұстануының арқасында ол өзіне нағыз пікірлес пен адал жолдастарымен қатар, талай жауларын тауып алды.

Осы қағидаларын ол өмірінің соңына дейін сақтап өтті.

Санжар ағамыз өзінің адамгершілігімен, қарапайымдылығымен және іскерлігімен өзімен бірге жұмыс істеген әріптестерімен халықтың есіне мәңгілік сақталды.

Оставить комментарий